• 17-06-2025

WhatsApp жаңа маңызды функция енгізбек

WhatsApp әзірлеушілері пайдаланушыларға белгілі бір талаптарға сай келетін бірегей есімдерді профильдерінде енгізуге мүмкіндік беретін функцияны енгізу үстінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 30 мамырында Wabetainfo жариялаған мәліметке сәйкес, WhatsApp пайдаланушы аттарын таңдау үшін нақты ережелер жиынтығын бекіткен. Атап айтқанда, пайдаланушы аты "www" тіркесінен басталмауы керек және кем дегенде бір әріпті қамтуы тиіс — бұл тек сандар мен символдардан тұратын аттарды қолдануға жол бермейді. Рұқсат етілген символдарға тек кіші әріптер (a-z), сандар (0-9), нүкте мен астыңғы сызық (_) жатады.

Сондай-ақ WhatsApp пайдаланушы аттарының қайталануына жол бермейді — яғни олар контактілерде сақталған немесе басқа біреу пайдаланған есімдер болмауы тиіс. Бұл ретте, Telegram секілді кейбір платформалардағыдай есімдерді ажырататын арнайы таңбалар (дискриминаторлар) қолданылмайды.

Пайдаланушы аттарының соңында .com немесе .net сияқты домен атауларының болуына тыйым салынады — бұл фишинг пен алаяқтықтың алдын алу мақсатында енгізіліп отыр. Сонымен қатар, пайдаланушы аттары нүктеден басталмауы және аяқталмауы керек, әрі қатарынан екі нүкте қолдануға болмайды.

Бұл талаптардың бәрі — аккаунттардың көшірмелерін жасап, пайдаланушыларды алдауға тырысатын алаяқтардан қорғау үшін енгізіліп отыр.

Бұған дейін алаяқтардың тағы да "Қазпошта" атын жамылып, азаматтарды алдауға көшкендігін жазған болатынбыз.