"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, Алматыда бір апта бойына күн райы жауын-шашынды болады деп болжанады. Сонымен қатар, мегаполисте сынап бағаны әр күн сайын жоғарылап отырады. Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге қатысты алдын-ала ауа райы болжамымен бөлісті.
"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, мегаполисте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кейбір күндері секундына 22 метр жылдамдықпен қатты жел соғуы мүмкін.
"Республикамыздың басым бөлігінде жылжыған атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел болады, күндіз бұршақ та түсуі мүмкін. 1 маусымда түстен кейін оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 маусымда батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК
Алматы бойынша 2025 жылғы 31 мамыр-6 маусым аралығына арналған ауа райы болжамы
31 мамыр: аспан бұлтты, кешке аздап жаңбыр жауады. Шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +22...+24°С.
1 маусым: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +21...+23°С.
2 маусым: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +25...+27°С.
3 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +28...+30°С.
4 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +30...+32°С.
5-6 маусым: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні — 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз: +31...+33°С.
Бұған дейін синоптиктер маусым айына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Оған сәйкес, жаз айының басы салқын болғанымен, ортасында күн 43 градусқа дейін ыситыны болжанады.