• 17-06-2025

Қапшағайдағы туристік орталықтардың бірінің жанында баланы тоқ ұрып, мерт болды

2025 жылы 24 мамырда Қапшағай су қоймасында қайғылы оқиға болды. Демалыс орталықтарының біріндегі жабайы жағажайда 11 жасар баланы ток соққан. Оқиғаны жұртшылыққа жария ету үшін әпкесі видеохабарлама түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторының айтуынша, балаға көмекке жүгіріп келген адамдар да зардап шеккен. Мәселен, қыздардың бірі екінші дәрежелі күйік алған.

Сондай-ақ, әйел барқандардың кесірінен салбыраған электр сымдары көрінбейді дейді.

"Әкімшілік бұл мәселені білген, өйткені былтыр ол жерде олардың сиырлары қырылған. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ешқандай шара қолданбаған. Кіре берісте ешкімге ескертпеді, жер қоршалмаған, плакаттар да жоқ", – дейді марқұмның әпкесі.

Содан кейін автор жариялылық пен қолдауды сұрайды:

"Бұл менің кішкентай інімнің жалғыз ұлы. Ол небәрі 11 жаста еді. Оның өлімі текке кетпесін. Адамдардың өздеріне, жақындарына қамқорлық жасағанын қалаймын. Барлық туристік орталықтарда тексеру жүргізілсін".

Қонаев қаласының әкімдігі бұл өтінішке 2025 жылдың 1 маусымында жауап беріп, аталған аумақтағы электр желілерінің жеке меншік екенін түсіндірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers (@kris_p_akimat)

"Қайғылы оқиғадан кейін тіректер жағажайдан алыстатылды. Қонаев қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде". Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қорытындыда жағдай бақылауда екені қосылды.

Атырау облысында 14 жастағы мектеп оқушысын сыныптастары аяусыз соққыға жыққан. Нәтижесінде оның миы шайқалған.