• 17-06-2025

2 маусымдағы саудада доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 2 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге көтеріліп, 511,37 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,46 теңгеге (-0,013) түсті.

Қытай юанімен сауда болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 510,1-512,5 теңге, еуро 582,5-586,5 теңге, рубль 6,33-6,45 теңге аралығында сатылуда.

2 маусымдағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы тамыз фьючерстерінің құны 2,76%-ға өсіп, барреліне 64,51 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 3,21%-ға өсіп, барреліне 62,74 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 510,81 теңге, еуроны 578,59 теңге, рубльді 6,51 теңге деп белгіледі.