• 17-06-2025

Шерзат Болат ісі: сотталушыларға қандай жаза сұралды

Талдықорғанда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Бүгін прокурор сотталушыларға мынадай мерзім беруді сұрады:

Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жыл бас бостандығынан айыру;

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жыл бас бостандығынан айыру;

Шыңғыс Белгожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дархан Аскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Нұрқияс Ілясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 9 жыл;

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша қосымша саралау мүмкіндігімен 15 жыл;

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дидар Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.