• 17-06-2025

Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 2 маусымда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.

Заң екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда қолайлы режім жасау тәртібі мен шарттарын айқындайды. Атап айтқанда, бір тарап­тың екінші тараптың аумағындағы инвес­тицияларын жүзеге асыру, сондай-ақ екі мемлекеттің аумақтарындағы ин­вестициялық қызметке байланысты мәселелер реттеледі. Келісім нормаларына сәйкес, кез келген тараптың инвес­торлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және тең құқылы болады, сондай-ақ екінші тарап мемлекеті аумағында толық қорғалып, қауіпсіздікті сақтау қажет.

"Қаралған келісім екі ел арасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатымен әзірленген. Құжат бір мемлекет инвесторларының екінші мемлекеттің аумағындағы инвестиция­лары үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді. Жалпы, бұл заң бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға оң септігін тигізеді деп сене­міз", – деді Мәулен Әшімбаев 2025 жылғы 23 маусымда Сенаттағы заң жобасы талқысында.

Қырғызстанмен стра­тегиялық әріптестік Орталық Азия­дағы өңірлік интеграцияны одан әрі дамыту перспективаларына жол ашады деп күтіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы "Байқоңыр" ғарыш айлағының мерейтойына орай үндеу жасаған болатын.