Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың 5 маусымында "City Transportation Systems" ЖШС LRT құрылысының қай кезеңде екені туралы толығырақ мәлімет берді:
"Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды — бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50% құрайды".
CTS компаниясы барлық учаскелерде шпал төсеу және рельс орнату жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Құрылыс жұмыстары негізгі нысандардың — "Нұрлы жол" теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр",- делінген ақпаратта.
Компания қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік қалыпты режимде жүріп жатқанын атап өтті.
"Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр.Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған",- деп түйіндеді ведомство.
Бұған дейін Алматыда бір айға Алғабастағы Орталық көше жабылатындығы жайлы хабарланған болатын.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
«Қайраттың өзі емес, әні ғана болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының мектеп бітіру кешіндегі сезімімен бөлісті
16.06 -
-
-
-
-
«Бауырларымның тосынсыйы»: Сәкен Майғазиев ұлының тойындағы ерекше сәтті көрсетті (ВИДЕО)
15.06 -
-