Бахрейнге әуе қатынасы ашылуда , деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Биылғы жылдың 5 маусымынан бастап "Fly Arystan" әуе компаниясы Алматы — Манама (Бахрейн) бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына бір рет орындалады.
Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
TOP
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шик қазақ этноауылына барды
16.09 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-