Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалады деген күдікпен екі адам ұсталды , деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақпараттық медиапорталдың жазуынша, 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", — деп жазады басылым.
Сондай-ақ басылым басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтінін мәлім етті.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-