Жамбыл облысындағы теміржол өткелінде автобус пойыздың жолына шығып кетіп, жолаушылар пойызымен соқтығыса жаздады. Алайда машинист жылдам әрекет етіп, апатты болдырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 7 маусым күні Тараз – Шу бағытындағы Қорагатты – Татты аралығындағы қараусыз, реттелетін теміржол өткелінде болған.
"Жолаушылар пойызының машинисі төтенше тежегішті қолданып, жолға шығып кеткен автобуспен соқтығысудың алдын алды", – деп хабарлады ҚТЖ.
Автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.
TOP
-
-
«Бауырларымның тосынсыйы»: Сәкен Майғазиев ұлының тойындағы ерекше сәтті көрсетті (ВИДЕО)
15.06 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-