• 16-06-2025

"Жеке мәліметтерді сатқан": ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, 140-тан астам адамды ұстады

ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте сатқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы деп хабарлайды ІІМ-нің ведомстволық сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ақпараттар мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және Telegram арқылы таратылған, оның ішінде кейбір коллекторлық компанияларға берілген.

140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынды.

Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленді, — дейді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Оның айтуынша, аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық істер қозғалған.

"Осы заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың толық шеңбері анықталуда, — деп қосты Жандос Сүйінбай.