Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде колледж студентінің денесі табылды. Күдікті "ізі суымай" ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 маусымда сағат 07:05-те Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында колледж студентінің денесі табылды.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктіні полицейлер "ізін суытпай" ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қылмыстық іс қозғалды.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", — деп атап өтті Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 5 маусымда Құлсары қаласында жоғалып кеткен 2018 жылғы қыз баланың денесі табылған еді. Баланың өліміне күдікті ретінде 36 жастағы тұрғын ұсталғанын хабарлағанбыз.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-