
Алматыда балаларға қойылатын ең танымал есімдер белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттіктің "Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы қаласы бойынша филиалына сілтеме жасап жазуынша, қалада жаңа туған нәрестелерге мынадай есімдер жиі қойылған.
Қыздар арасында танымал есімдер:
- Сафия;
- Мариям;
- Адия.
Ұлдарға ең көп қойылатын есімдер:
- Мұхаммед;
- Алан;
- Әмір.
Бұдан бөлек, жаңа туған нәрестелердің арасында Әлихан, Әмір, Айсұлтан, Хамза, Айлин, Асылым, Медина, Аяла сынды есімдер жиі қойылады.
Сондай-ақ Алматы қаласында дүниеге келген балалардың ішінде Теона, Наоми, Айви, Эллая, Ай-Ашин сынды ерекше есімдер де бар.
Алматы қаласы АХАТ басқармасының басшысы Баян Абдулланованың айтуынша, жыл басынан бері қалада 16 501 бала дүниеге келген. Оның 8500-і ұл бала және 7974-і қыз бала.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылы Қазақстанда сәбилерге қойылған ең танымал есімдер туралы жазған едік.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
13.06 -