
Алматы әуежайының қызметкерін құтқарып, оны кепілге алған ер адамды ұстауға көмектескен Мұса Әбдірайым оқыс жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мұса Әбдірайым әуежайға Қостанайға кетіп бара жатқан туыстарын шығарып салуға келгені белгілі болды.
"Ағайындарым Қостанайға концертке кетіп бара жатқан. Соларды шығарып салып, бері шыққанмын. Сол уақытта бір қыздың жанайқайын естідім. Елдің бәрі жүгіріп бара жатқан соң мен де жүгірдім. Барсам, бір кісі қызметкер қыздың шашынан ұстап алыпты, оң қолында пышағы бар. Қорқытып тұр екен. Бір-екі рет пышақ тығып алуға оқталды. Қасымызда полиция қызметкерлері де тұрды. Олар жақындайын десе, ер адам одан бетер ызаланып, қызды пышақтап алуға әрекет етті. Маған қызды өлтіріп қоя ма деген ой келді. Ол полиция қызметкерін кепілге алғысы келді. Бірақ мен полицейге "Сен барма", — дедім. Өйткені қолында қаруы бар, одан да басқа жағдай болып кете ме деп үрейлендік. Одан да мені кепілге ал дедім. Ол көнді. Мен барып ем, қызды жібере қойды. Менің қолымнан ұстап тұрды. Мына жақтан полиция қызметкерлері оның ойын басқа жаққа аударып тұрды. Ақырын қолына қарап тұрдым, қолындағы пышақ кішкене босаған сәтте жұлып алуға тура келді. Әрі қарай ол ұсталды. Қазақстанның азаматы ретінде сондай қадамға баруым керек болды", — деді Мұса Әбдірайым.
52 жастағы Мұса Әбдірайымның тұрақты жұмысы жоқ. Алматыда жалдамалы пәтерде тұрады. Бес баласы бар.
TOP
-
«Жоғары лауазымды полицейдің қызы». Ақтауда «қыз зорлады» деген күдікпен жас жігіт сотталды
15.03 -
-
-
-
-
-
-
Қасиетті Ордабасыда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауымы Амал мерекесін атап өтті
15.03 -
-
-
-
-
-
«Шұрық-тесік жол, қаладағы сасық иіс»: Атырау әкімдігі бұл проблемаларға неге назар аудармай отыр?
15.03