Президент Қасым Жомарт Тоқаев 2025 жылы 16 маусымда Ақорда резиденциясында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұдан соң мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Бүгін, 2025 жылғы 16 маусымда бірер сағат бұрын Астана әуежайында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алғаны хабарланған болатын. Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.