Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары барысында азаматтардан түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері туралы ақпаратын тыңдау ұсынылады.
Сонымен қатар бірінші оқылымда палата тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді, олармен байланысты Салық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерді талқылайды.
Парламент депутаттары ұсынған заң жобалары пәтер иелері кооперативтерінің басқару субъектісі ретіндегі қызметін реттеуге, басқару мен кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп-ұстау функцияларын біріктіруге бағытталған. Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері мен функцияларын кеңейту, кондоминиум нысандарын басқару субъектілерінің қызметіне цифрландыруды енгізу, көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың қарапайым серіктестік түрін алып тастау көзделген.
Ілеспе заң жобалары мүлік объектілерін басқару субъектілерінің салық салу тәртібін айқындауды, сондай-ақ өз міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда мүлік объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен құрылыс салушылардың әкімшілік жауапкершілігін күшейтуді қарастырады.
Бұған қоса екінші оқылымда «Акваөсіру туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен қарастырылады.
Сондай-ақ Мәжіліске міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Айттан кейін ораза қарызын өтеген дұрыс па, әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаған жөн бе
01.04 -