• 15-03-2025

Алматы әуежайында қызды құтқарған азамат Дүниежүзілік бокс кеңесінің бейбітшілік елшісі атанды

Алматы әуежайында қызды құтқарған Мұса Әдбірайым Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі атанды. Бұл туралы ұйым басшысы Маурисио Сүлейман хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Промоутер Әлихан Жарылғапов Instagram парақшасында Сүлейменмен әңгімесінің үзіндісін жариялады.

"WBC президенті Маурисио Сүлейман оған жеке өзі хабарласып, оған ресми түрде WBC бейбітшілік елшісі атағын берді. Ерліктің, ар-намыс пен адамгершіліктің үлгісіне айналған адамға лайықты құрмет", — делінген жазбада.

WBC басшысы өз парақшасында Мұса Әдбірайымның бойжеткенді құтқарған сәтінен видеоны жария еткен.

"Жер бетіндегі ең батыл адам" атағына лайық 53 жастағы бұрынғы боксшы, Қазақстанның қаһарманы Мұса Әбдірайыммен тамаша әңгіме-дүкен құрдым. Мұсаға чемпион білезігін сыйға тарту үшін біздің өкіл Әлихан онымен жүздесті", — деп жазды Сүлейман.

Еске сала кетейік, бүгін, 7 наурызда Алматыда ер адам әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқаны хабарланған болатын. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 минуттан кейін құқық бұзушыдан полиция қызметкерлері мен әуежайдағы азаматтардың көмегімен суық қаруы алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күдіктінің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Кейін "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов Instagram желісінде видео бөлісіп, әуежайда жұмыс істейтін қызды құтқарған ер адам ағасы екенін айтты.

Алматы әуежайының қызметкерін құтқарып, оны кепілге алған ер адамды ұстауға көмектескен Мұса Әбдірайым оқыс жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

Сол арада "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов Әбдірайымов Мұса жайлы жазба жариялап, оны мақтан тұтатынын жасырмады.

8 наурызда Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттап, ақшалай сыйақы берді.