Арменияға бидай экспорты артады
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Алдын ала болжам бойынша, 10 жастағы бала үлкендер қайтуға дайындалып жатқан сәтте өзен бойында жүрген.
Алматы облысында тауға демалуға барған 10 жастағы бала мен анасы Талғар өзеніне ағып кетті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Құтқарушылар екі күннен бері жеткіншектің мәйітін таба алмай жатыр. Ал әйелдің денесі оқиға болған күні шығарылып, бүгін жер қойнына тапсырылды. Енді мамандар кішкентай баланы іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Бір әулетті баласыз, қамқоршы анасыз қалдырған қайғылы жайт маусымның 22-сі болған. Ажалы судан келген екеу сол күні Талғардағы Маралсай шатқалына оншақты адаммен демалуға барыпты.
Алдын ала болжам бойынша, 10 жастағы бала үлкендер қайтуға дайындалып жатқан сәтте өзен бойында жүрген. Құтқарушылар сөзіне сенсек, сол сәтте жеткіншек тастың үстіне шығып суретке түскісі келген көрінеді. Бірақ аяғы тайып, ағысы қатты суға құлаған. Бұл сұмдықты көрген анасы баласын шығару үшін артынан секіреді. Бірақ су екі адамды да алып кеткен.
Ұлының артынан секірген ананы құтқарушылар 2 сағатта 1 шақырымдай жерден табады. Тасқа толы ағынды судан 44 жастағы әйел өлі күйде шығарылған. Ал бала әлі жоқ. 100-ден астам адам 2 күннен бері өзен маңындағы тау-тастың бәрін қарап жатыр.
"Әлі табылмады өкінішке қарай. Су деңгейінің көтеріліп, түсуі себебінен және судың қарқыны көтеріледі. Соған байланысты жұмыс қиындап жатыр", – деді ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Ғани Амантай.
Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің айтуынша, баланың денесі тұрып қалуы мүмкін көпір асты мен бөгеттер де тексерілген. Бірақ ол да нәтижесіз. Қазір баланы іздеуде әкесі де жүр. Ол сұхбат беруден бас тартты.
Құтқарушылардың айтуынша, бұл Талғар өзеніндегі алғашқы қайғылы жағдай емес. Негізі тасыған осы бір суға шомылу түгілі, маңына жолауға да болмайды.