Құтқарушылар екі газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, үлкен апаттың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарағандыда бір қабатты, жеке тұрған кафеде ағаш конструкциялар жанған. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін газ-ауа қоспасының жарылысы болған.
Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері екі тұрмыстық газ баллонды алып шықты. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпығанымен, жедел сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
TOP
-
-
-
-
-
-
Қасиетті Ордабасыда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауымы Амал мерекесін атап өтті
15.03 -
-
-
-
-
-
«Шұрық-тесік жол, қаладағы сасық иіс»: Атырау әкімдігі бұл проблемаларға неге назар аудармай отыр?
15.03 -
-