• 15-03-2025

"Шаңғылар тау бөктерін кесіп өткен": Шымбұлақта қар көшкіні жүрді

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының аумағында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметіне сүйенген ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, 10 наурызда Медеу ауданы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында қар көшкіні жүрді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Кейін ведомствоның баспасөз қызметі ақпаратты нақтылады.

"2025 жылғы 10 наурызда "Шымбұлақ" ТШК-ының трассасынан тыс жерде сырғанаған шаңғышылар (үш турист) тау бөктерін кесіп, көлемі шамамен 3500 м³ қар көшкінінің түсуіне ықпал етті", — делінген хабарламада.

Абырой болғанда құрбан болғандар мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түскен жоқ.