• 04-05-2026

Алматы облысында дала өртіне тікұшақ тартылды

ТЖМ құтқарушылары дәл қазір Алматы облысында таулы жердегі табиғи өртті сөндіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарасай ауданы, Долан ауылының маңында құрғақ шөп пен бұта-жыңғылдар өртенген.

"Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100-ден астам адамы және 20-дан астам техникасы тартылды. ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы қазір көктен су төгуде". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтеншеліктер таулы аймақпен, кіреберіс жолдардың жоқтығымен, биік шөп және бұталардың болуымен байланысты өртті сөндіруде белгілі бір қиындық барын нақтылайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Бұған дейін Түркістан облысында алма бағында өрт шыққаны хабарланған.