Синоптиктер ертең, 12 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
12 наурызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с.
12 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
12 наурызда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
12-17 наурызда Маңғыстау облысында ауа температурасы түнде 0-5 жылыдан 5-10 жылыға дейін, күндіз 5-10 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
12 наурызда Ұлытау облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жезқазған қ.: 12 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі.
12 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 12 наурызда тұман күтіледі.
12 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
12 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 12 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
12 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.
12 наурызда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.
12 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
12 наурызда Қостанай облысында күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз областың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. г.
12 наурызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
12 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман.
Алматы қ.: 12 наурызда түнде және таңертең кей уақытта әлсіз тұман күтіледі.