
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде 50 келідегі Алуа Балқыбекова екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы ТСМ Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз 1/8 финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері, марокколық Ясмин Мутакиді 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.
Ал Виктория Графеева әлем чемпионатын өте сенімді бастады
60 келіде дүбірлі додада дебют жасаған отандасымыз 1/8 финалда Грекия спортшысы София Легакиден бір бас жоғары өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті.
63 келіде ел намысын қорғаған Аида Әбікеева 1/8 финалда Қытай спортшысы Шиоио Жуды 5:0 есебімен жеңді.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Айттан кейін ораза қарызын өтеген дұрыс па, әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаған жөн бе
01.04 -