Сақ болыңыздар! “Министрлік қызметкерімін“ деп үй аралайтындар пайда болған
Әлеуметтік желіде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар үйлерді ...
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалардың цифрлық қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen .kz.
2023-2025 жылдарға арналған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы SIM-карта енгізу бастамасын көтерген.
Бұл – балалардың мобильді құрылғыларды қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге және ата-аналар тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған арнайы тарифтік жоспар. Балаларға арналған SIM-карталардың басты артықшылықтары ата-ана бақылауы, зиянды және қалаусыз контенттен қорғау және баланың орналасқан жерін бақылау.
«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, балаларға арналған SIM-карталар байланыс операторлары тарапынан қолдау тауып, цифрлық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бастамалармен қатар жүреді. Бұл ата-аналарға балалардың телефонды қолдануын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Қазақстанда байланыс операторлары балаларға арналған, білім беру ресурстарына шектеулі қолжетімділік беретін тарифтерді ұсынғанымен, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты толық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етпейді. Министрліктің бұл бастамасы балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтіп, ата-аналарға олардың онлайн кеңістіктегі қорғанысын қамтамасыз етуде жоғары деңгейдегі қолдау көрсетеді», деп мәлімдеді Еділ Оспан.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс басталған еді. Бұл шаралар балалардың интернеттегі қауіпсіздігін заңнамалық тұрғыдан күшейтуге бағытталған.
Әлеуметтік желіде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар үйлерді ...
Бұл туралы ведомствоның сайтында жазылған . Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды , деп жазады inbusiness.kz сайты. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ер ...