Бұл балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтеді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы SIM-картаны қолданысқа енгізеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен амандығын қамтамасыз ету үшін оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы SIM-карта енгізу бастамасын көтерді.
Нәтижесінде мобильді құрылғыны пайдаланғанда қауіп болмайды. Бұл — ата-аналар тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған арнайы тарифтік жоспар. Балаларға арналған SIM-карталардың басты артықшылықтары:
Ата-ана бақылауы
Зиянды және қалаусыз контенттен қорғау
Баланың жүрген жерін бақылау (геолокация)
«Ата-аналар балалардың телефонды қолдануын бақылай алады. Қазақстанда байланыс операторлары балаларға арналған, білім беру ресурстарына шектеулі қолжетімділік беретін тарифтерді ұсынғанымен, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты толық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етпейді. Министрліктің бұл бастамасы балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтіп, ата-аналарға олардың онлайн кеңістіктегі қорғанысын қамтамасыз етуде жоғары деңгейдегі қолдау көрсетеді», – деп мәлімдеді Еділ Оспан.
Айта кетейік, Қазақстанда «Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс басталды. Бұл шаралар балалардың интернеттегі қауіпсіздігін заңнамалық тұрғыдан күшейтуге бағытталған.
TOP
-
"Бір адамға - екі килограмм": Алматы әкімдігі тұрғындарға аула қоршауын сырлауға арналған бояуды тегін беріп жатыр
14.03 -
«Жабайылық деген осы»: Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады
14.03 -
-
-
БҰҰ туы астындағы сәтті миссия: Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы (фото, видео)
14.03 -
-
-
"Қараңғыда жұмысқа бармайтын болдық": Риддер қаласында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді
14.03 -
-
-
-
-
-