• 13-03-2025

Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегінде Назым Словакиялық Николь Дуриковамен кездесті.

Қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, еш қиындықсыз жарыстың ширек финалына өтті. Үшінші раундта төреші кездесуді тоқтатты.

Айта кетейік, 12 наурызда 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Надежда Рябец те ширек финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жарысты жалғастырудан бас тартты.