• 16-03-2025

Тимофей Скатов Грекиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Тимофей Скатов Грекияның Херсониссос қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалдық матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы жұптық сайыста ширек финалға жолдама алды.

Тимофей Скатов пен болгариялық Димитар Кузманов Александр Мерино (Австрия) және Кристоф Негриту (Германия) жұбын жеңді.

Матч екі сетке созылды. Скатов пен Кузманов кездесуді 7:5, 6:1 есебімен аяқтап, жеңіске жетті.

Бұған дейін Абай облысында жас спортшылардың жаттығуы тоқтатылып, бапкерлер жалақысыз қалғанын жазғанбыз.