• 14-03-2025

«Табылған өнер»

Әйгілі суретші Пабло Пикассо тың­ тәжірибелер жасап, зерттеу жүр­ гізуден жалықпаған. Оның туын­дыларының жалпы саны 20 мың­ға жетіп жығылады.

Суретші 91 жасқа келген шағында да қолынан қылқаламын тастамаған. Күніне үш, төрт, тіпті бес картина салады екен. «Уақытым аз, тым азайып барады, ал айтарым өте көп» деп жүріп, оғаш мүсіндер жасау­мен де айналысқан. Маймылды жасау үшін Пикассо оның бетінің орнына ойыншық көлікті, құйрығының орнына көліктің серіппесін пайдаланып, денесін құмырадан, сынған кофе саптыаяғының ұстағышынан жасады. Осы секілді мүсіндердің бәрін ол айналасындағы заттардан құрастырған. Сөйтіп, бұл шығармашылық еңбегін Пикассо «Табылған өнер» деп атаған.