"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 6 наурызында еліміздің ірі үш қаласы мен барлық жерлік өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Алматыда да тұман, көктайғақ болатыны бажайланады. Қонаевта да тұман, жолдарда көктайғақ болады, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Астанада түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, сондай-ақ күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Түркістанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Атырауда аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүріп, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 17-22 м/с.
Түнде Қарағанды облысының батысында қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын жүріп, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа, оңтүстікке ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысында түнде қар жауады, бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Көкшетауда түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жаяу бұрқасын жүреді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Күндіз Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігіндең оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда да күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. , Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Оралда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Бұған дейін Шымкентте күн күрт ысып, Астанада боран ұйтқитыны болжанған. Қос қаладағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен мына арадан таныса аласыздар.