
Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының тұрғыны Гүлфара Көшетова бірнеше айдан бері қатерлі ісікпен күресіп жатыр. Үш баланың анасына өкпе мен жатыр мойынының қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Дәрігерлер Гүлфараның еміне қажетті қаражат сомасын тағы да арттырып жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
33 жастағы Гүлфара денсаулығындағы кінәратты бір жыл бұрын байқап, медициналық тексеруден бірнеше рет өтеді. Алайда қатерлі дерт ең соңына дейін білдірмей, тек төртінші стадияға жеткенде ғана байқалған.
"Алдымен жатыр мойнынан ісік тауып, Ақтөбеде ота жасады. Бүгінде менің жатырым жоқ, алып тастаған. Өкініштісі сол, жатыр мойнын емдеймін деп жүргенде, ісік өкпеме өтіп кетті. Қазіргі таңда екі өкпемді қысқан аурудан көзімді аша алмай отырмын. Ісік меңдеп кеткен, жөтелдің қалай асқынғанын айтудың өзі қиын. Жөтелдің қаттылығы сонша, бүгінде менің дәрет алуым да қиындап кетті. Қазіргі таңда Стамбулдағы Буруни ауруханасындамын. Химиотерапияның үш курсын алған соң, дәрігерлер жатыр мойны мен өкпемдегі ісіктің 25 пайызға кішірейгенін айтты. Енді маған бір курсы 2,6 миллион теңге тұратын химиялық курс жазып берді. Ісік екі жерде әрі көлемді болғасын осындай қадамға барып отыр", — дейді Гүлфара.
Емге қажетті 20 миллион теңгенің 15 миллионы жиналып, бүгінге дейін сол қаражатқа келіншек ем алып келген. Енді оған әрқайсысы 2,6 млн теңге тұратын әлі үш химиотерапиядан өту керек.
"Қазір халықтан жиналған қаражатым түгесілді. Бұлай халыққа қол жаямын деп кім ойлаған? Бірақ өмірдің қандай сый дайындап тұрғанын білмейсің. Мен тезірек жазылып, Ақтөбеде көзі мөлдіреп отырған үш баламмен қауышқым келеді. Әрбір химиялық терапиядан соң мен "шашылып" қаламын. Демалысқа берілген 21 күн ішінде қымбат дәрілерді ішу арқылы қалыпқа келемін. Күйеуім мені қайтадан құрастырып, қайтадан жүруді үйретеді. Қазір қасиетті Рамазан айы өтуде. Осы айда сіздердің пітір садақаларыңызға, қайырымдылықтарыңызға зәрумін. Қасиетті айда көмек беріңізідерші. Аяғымнан тік тұрып, қатарға қосылғым келеді", — дейді ол.
Гүлфара Көшетоваға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:
(Қаражат Гүлфараның сіңлісі Жанаргүлдің есепшотына түседі)
Реквизиттер: Kaspi Gold 4400 4301 4741 9284
Телефон нөмірі: 8747 678 89 59
Жанаргул Т. Halyk bank 5522 0433 6487 8312
Телефон нөмірі: 8747 678 89 59 Жанаргул Т.