• 15-03-2025

Торғай өнерпаздарының тартуы

Астанадағы «Жастар» сара­йын­да Қа­зақ­­станның ха­лық ақы­ны­ Қонысбай Әбіл атын­дағы «Ғасыр­лар пер­несі» фоль­клор­лық-этно­графиялық ансам­блі өнер­паз­да­рының кон­цер­ті өтті.

Биыл Қостанай облысына қарасты Жангелдин ауда­нының «Ғасыр­лар пер­несі» ансамблінің құ­рылғанына 50 жыл толып отыр. Шығармашылық ұжымға бұл атауды көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков қойған деседі. Осы жарты ғасыр ішінде өнер ұжымының аты елге танылды. Біраз белесті бағындырды. Бірқатар фес­тиваль мен бай­қаулардың жүлдегері болды. Әсіресе ел ішінде халық шығар­машылығын сақтау мен наси­хаттауға мол үлес қосты. Елу жыл­­дық тарихын­да ансамбль құра­­мында Қазақ­станның еңбек сіңірген мә­дениет қыз­меткері, композитор Болат Хам­зиннен бастап, композитор Бақытжан Сәуекенов, Рысты Ерденова, Ақдәмен Доса­нова, Рая Бай­көбенова, Ләззат Хамзина, Абай Әмір­ханов, Бақытжан Досымов, Бөл­тірік Молдашев секілді өңірге танымал тұлғалар өнер көрсетті. Жақында ­ансамбльге Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілдің есімі берілді.

Қазір өнер ұжымының құрамы жаңарған. Алайда аға мен жас буын арасында сабақтастық сақталған. Концерт шымылдығы «Ғасырлар пер­несі» ансамблінің әуезді шы­ғармасымен ашылды. Одан кейін халық ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрхан Ахмет­бековтің «Торғайдан сәлем» атты толғауын әнші Бай­дос ­Қо­жа­сағиев нақышына келті­ріп орын­да­ды. Компо­зитор Болат Хам­зин­нің «Шол­паным жұлдызым» әнін рес­публи­ка­лық байқаулардың жеңім­пазы Фариза Бүркітбай шыр­қаса, Қо­нысбай Әбілдің «Бала махаббатын» талантты жас әнші Жәуке Оңдаған ба­бына келтіріп айтты. Ал Ла­тиф Хамидидің «Бұлбұлын» орын­­даған әнші Фариза Жо­ла­ма­но­ва­ға тыңдармандар тәнті болды.

Ән мен күй әуелеген кеш барысында «Жоламанов­тар» отбасылық ансамблі мен Қа­нат пен Әсем Ражанов­тар отба­сы­лық дуэті, «Бал­­­қа­диша» же­­­ті­­­­­геншілер тобы өнер көр­сет­ті.­ Сондай-ақ­ «Ерке-наз» би ­ан­сам­­­блі би­ші­лері­нің заманауи на­қыш­та жаңғыртқан халық биі көпшілік көңілінен шықты. Н.Ахмет­беков атындағы Мә­дениет үйі әртістері «Ар­қалық­тың ақ таңы» әнінің же­лі­сімен музыкалық қойылым ұсын­ды.­ Қысқасы, екі сағатқа со­зыл­ған концертте елімізге бел­­гілі композиторлардың шы­­ғар­­маларымен бірге, өңір сазгер­лері­нің туындылары да орын­­далды. Кеш соңында осы іс-шараға қатысқан барлық өнер­­пазға Қостанай облысы Жан­гел­дин ауданының әкімі Д.Бидашевтің Алғысхаты ­табысталды.

Қайсар ҚҰСАЙЫН