• 15-03-2025

Ақтөбе облысында қала мен аудан орталығын байланыстырушы уақытша өткелді су басты

Ақтөбе облысы Ойыл ауылындағы уақытша өткелді су шайды. Таңертеңнен бастап ол арамен жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" порталының мәліметінше, 2024 жылғы су тасқыны кезінде аудан орталығын Ақтөбемен байланыстыратын көпір қирап тынған.

"Жаңа көпір салынып жатқандықтан, тұрғындар әзірше понтонды пайдаланып жүрген. Оның өзі 14 наурызда су астында қалып кетті", — деп жазады басылым.

15 наурыздан бастап полиция қызметкерлері кезекшілікке қойылды. Әзірге, өзеннің арғы бетіне тек жаяу өтуге болады. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде өткел арқылы автомобиль қозғалысын қалпына келтіру жоспарлануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon)

Айта кетсек, Қостанай облысы жаңа су тасқынымен бетпе-бет келуі мүмкін.