Синоптиктер 2025 жылғы 16 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстандағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынның түседі, бұған осы өңірлерде жүруші атлантикалық циклон мен фронтальды бөліктер ықпал етеді", деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Еліміздің шығысы мен оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Жалпы республикамыз бойынша, синоптиктердің мәліметінше, тұман, желдің күшеюі және көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс көрініс табады деп күтіледі.
16 наурызда түнде Астанада аспан бұлтты, бірақ күн райы жауын-шашынсыз болады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, кей тұста 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -5...-7°, күндіз: +4...+ 6°.
Алматыда аспан ашық, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +4...+7°, күндіз: +10...+12°.
Шымкентте аспан бұлтты, бірақ күн райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5° және күндіз: +18...+20°.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
Қасиетті Ордабасыда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауымы Амал мерекесін атап өтті
15.03 -
-
-
-
-
-
«Шұрық-тесік жол, қаладағы сасық иіс»: Атырау әкімдігі бұл проблемаларға неге назар аудармай отыр?
15.03 -