Мьянмадағы апаттан келген шығын көлемі 70 млрд долларға жетуі мүмкін
Мьянмадағы жойқын зілзала ел экономикасын титықтатты. Кейбір деректер бойынша 7,7 баллдық жер сілкінісіне ...
Жалпы қазба байлық материалдық мұра болса, жазба байлық – рухани мұра.
Бірақ сол жәдігерлерді жинап, түгендеп әрі түптейтін мамандар аз. Тек елде емес, әлемде солай. Каллиграфиямен қатар реставрация және консервациямен айналысушылар саусақпен санарлық. Әйтсе де, бізден бір айырмашылығы – аталған сала басқа елдердің университеттерінде мамандық ретінде оқытылады. Дегенмен сала мамандары қиындықтарды еңсеріп келеді.
Бұл елді елең еткізген оқиға болды. Өйткені Мұхаммед пайғамбардың папирусқа жазылған екі хатының көшірмесі көрмеге қойылды. Бірі Рим императоры Гераклиуске, екіншісі Араб Әмірліктерінің арғы атасы Мунзиру бин Савеге жолданған. Екеуінде де расүлдің өзі жазғанын растайтын мөрі бар. Осы тарихи жазбаны айнытпай көз алдымызға көшіріп, шығарған белгілі каллиграф Хабибулло Солихов. Солардың ізін басқан біздің де маман халықаралық каллиграфия шеберлік сағатына қатысты.
Асылбек Орынбасар, каллиграф:
- Каллиграфтар кетеуі кеткен тарихты тірілтсе, реставраторлар да рухани мұраны қалыптайды. Риза көп күннен бері көне кітаппен әуре. Көз майын тауысып, кедір-бұдырын күзеп, түземей көңілі тыншымайды. Себебі бұл оның жәй ғана ермегі емес, елге керек.
Риза Киреева, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы реставрация және консервация бөлімінің суретші-реставраторы:
- 3 айдан бері осы кітапты қалыпқа келтіріп жатырмыз. Кітап өте нашар күйде келді. Әбден құрғап кеткен, үгінді десек те болады. Біз алдымен ылғалдатып алдық. Қазір әр бөлігін құрап, бастапқы кезіндегідей жағдайға жеткізуім керек.
Өскелең ұрпақты осы өнер түріне баулыған дұрыс. Өйткені, өткенге үңілмегеннің бүгіні бұлыңғыр. Тек бір әттеген айы қол жазбамен айналысушыларға қолдау аз.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Орталықтың реставрацияға қажет 95% материалы шетелден келеді. Жарығы, желімі, қылқаламы бәрі-бәрі сырттан жеткізіледі. Бұл уақыт әрі қыруар қаржыны талап етеді. Оның үстіне мамандар тұрақтамайды. Осы істі жан тәнімен қалағандар ғана салада қалады.
Нысаналы Ығыл, тілші:
«Реставрация стратегиялық сала. Себебі құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет жоқ». Бірақ «қолжазбалар және сирек кітаптар» реставраторларына тоқталсақ, елде шамасы 30-40 ғана маман бар. Қазақстан өте үлкен. 17 облыс бар. Осы ауқымда қарасақ, әрине олардың саны тым аз.
Нысаналы Ығыл, Ғалымжан Абдылахат