• 29-03-2025

Еліміздегі әрбір балаға мемлекеттен қандай қаржылық және өзге де көмек көрсетіледі

Елімізде балаларды тәрбиелеу мен қамтамасыз етуде ата-аналардан бөлек, мемлекет те басымдық танытуда. Қаржылық қолдаудан бөлек, балалардың құқықтарын қорғауда да маңызды қадамдарға баруда. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Мемлекеттің балаға деген қаржылық қамқорлығы ол әлі туылмаған сәттен басталады. Жүктіліктің отызыншы аптасында байқау орны бойынша Медициналық ұйымдағы әйелге жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі (Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу қағидаларының 57-тармағына сәйкес).

Осы анықтамамен әйел жүктілікке және босануға байланысты ақылы демалыс алады (Еңбек кодексінің 99-бабының 2-тармағы), қалыпты ұзақтығы босанғанға дейін 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күн.

Сондай-ақ мемлекет әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша төлемді жүзеге асырады (Әлеуметтік Кодекстің 77-бабы). Төлем құқығы демалыс басталған күннен бастап туындайды. Сома арнайы формула бойынша есептеледі және соңғы 12 айдағы табыстың орташа айлық мөлшеріне байланысты.

Бала туылғаннан кейін мемлекеттік бюджеттен тууға арналған жәрдемақы төленеді. Атап айтқанда, (СК 80-бабына сәйкес):

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК (2025 жылы АЕК мөлшері 3932 теңгені құрайды, яғни бұл 150 мың теңгеге жуық);
  • төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК (591 мың теңгеден астам).

Сонымен қатар, егер бала күтуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаса, туғаннан бастап бір жарым жасқа дейін балаға бюджет қаражатынан күтім бойынша жәрдемақы (СК 81-бабы) беріледі. Немесе егер ол санатқа жатса, әлеуметтік сақтандыру қорынан күтім бойынша төлем (СК 84 – бабы) беріледі.

Ай сайынғы жәрдемақы мөлшері баланың отбасындағы нешінші екеніне байланысты – ол 5,76 АЕК-тен 8,9 АЕК-ке дейін. Төлем мөлшері формула бойынша есептеледі және соңғы 24 айдағы жалақы мөлшеріне байланысты (СК 85-бабы).

Егер отбасы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған бала өсірсе, онда оған көп балалы отбасы ретінде қосымша жәрдемақы төленеді:

  • төрт балаға – 16,03 АЕК;
  • бес балаға – 20,04 АЕК;
  • алты балаға – 24,05 АЕК;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК;
  • сегіз және одан да көп балаға – әр балаға 4 АЕК.

Сондай-ақ, ата-анасы қайтыс болған кезде балалар асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқылы, ол да формула бойынша есептеледі және қайтыс болған асыраушысының орташа айлық табысына, асырауындағы адамдардың санына және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (СК 239-241-бабы).

Балабақшадан "Болашаққа" дейін

Алаңсыз балалық шақ аяқталғаннан кейін әлеуметтену басталды. Мемлекеттен балаларға көмек көрсетудің келесі кешені – тегін білім беру. Ұзақ білім беру процессі ҚР-да мектепалды даярлықтан басталады. ҚР "Білім туралы" Заңының 30-бабына сәйкес, ол 5 жастан 6 жасқа дейін жүзеге асырылады, міндетті, ал мемлекеттік білім беру ұйымдарында – тегін.

Сонымен қатар, жыл сайын мемлекет мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырысты жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да орналастырады. Яғни, ата-аналар тамақтану және қосымша жұмыстар үшін төлейді, бірақ балаларға арналған мектепалды оқу ақысыз – оны мемлекет төлейді.

Өткен 2024 жылы ҚР Білім Министрлігінің желісі бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары 815 млрд теңгені құрады. Жыл сайын шығындар, соның ішінде инфляцияға байланысты – өсуде. Бұл ретте елде екі жастан алты жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балалар 971 мыңнан асады.

Сонымен шамалағанда қазіргі жағдайда: миллион балаға триллион теңге жұмсалады. Демек, әр бала шаққанда миллион теңгеден.

Артынша – мектеп. Азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі – бұл ҚР Конституциясының 30-бабы. Онда мемлекеттік ЖОО-да конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы да қарастырылған.

Гранттар жүйесінен басқа, Қазақстанда жоғары білім алу сияқты қымбат қызметті нақты қолжетімді етудің бірнеше тетіктері енгізілген.

Бұл бастапқы капиталы 60 АЕК және мемлекеттен сыйлықақыдан (қосымша 5-7%) тұратын "Келешек" бағдарламасы шеңберіндегі білім беру депозиттері және келесі алгоритмді білдіретін "Ұлттық қор-балаларға" жобасы:

  • Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақ шоттарына Қазақстан азаматы саналатын және 18 жасқа толмаған барлық жеткіншектің шотына аударылады;
  • ҚР азаматы 18 жасқа толған кезде қаражат оның айрықша меншігіне айналады және ол осы қаражатты (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға) қалай пайдалану керектігін дербес шешеді;
  • тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ оқу ақысын шетелде де төлеуге болады;
  • 18 жасқа толғаннан кейін ақша жаратылмаған жағдайда шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады, содан кейін зейнетақы шотына аударылады.

Бұл ретте, әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқу үшін арнайы "Болашақ" степендиясы бар. ҚР азаматтарының "күндізгі оқу нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу" құқығы "Білім туралы" ҚР Заңының 26-бабының 4-тармағында тұжырымдалған. Заңда екі маңызды шарт айтылған: "Болашақ" сыйлығы конкурстық негізде және жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес беріледі.

Жақында бұл мүмкіндікке маңызды түзетулер енгізілді. "Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарының құжаттары конкурс өткізілмей комиссияның қарауына шығарылады".

Жаңа ереже қазақстандықтарды халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыруы тиіс. Жалпы, ғылымға ынталандырады.

Ата-аналардың алименттік міндеттемелері

Отбасы мен балалық шақ мемлекеттің толық қорғауында. Бұл ретте, баламен бірге тұрмайтын ата-аналардың алименттік міндеттемелері де қарастырылған. Неке бұзылған сәтте, сот "неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 22-бабына сәйкес ата-анасының қайсысымен кәмелетке толмаған балалар тұратынын, ал ата-анасының қайсысы балаларды асырауға алимент төлейтінін айқындайды.

Төлемдердің мөлшері мен кезеңділігі Кодекстің 139-бабымен айқындалады: ай сайын бір балаға – төрттен бір, екі балаға – үштен бір, үш және одан да көп балаға – ата-анасының табысының және (немесе) өзге де табысының жартысы.

Алимент төлеу балалар кәмелетке толғанға дейін жүзеге асырылады. Яғни, 18 жасқа дейін, ал егер олар колледжге немесе жоғары оқу орнына күндізгі оқуға түссе – 21 жасқа дейін ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 138-бабының 2-тармағына сәйкес).

Қазақстандағы Бала құқықтары

Балаларды қорғау тек қаржылық немесе мүліктік қолдаумен шектелмейді.

Жалпы, "ҚР-дағы бала құқықтары туралы" заңда (3-тарауда) мынадай құқықтар бекітілген:

  • Денсаулық сақтау үшін;
  • даралық және оны сақтау үшін;
  • өмірге, жеке бостандыққа, қадір-қасиетке және жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа;
  • сөз және ар-ождан бостандығы, ақпарат және қоғамдық өмірге қатысу;
  • қажетті өмір деңгейіне;
  • тұрғын үйде;
  • білім алуға;
  • еңбек бостандығына (16 жастан бастап еңбек шартын жасасуға, ал оқудан бос уақытында – 14 жастан бастап, шығармашылық кәсіптерде – 14 жасқа дейін, Еңбек кодексінің 31-бабы);
  • экономикалық пайдаланудан қорғауға;
  • мемлекеттік көмекке (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде жетім балалар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде);
  • демалыс құқығына.

Осы құқықтардың әрқайсысы заңнамада белгіленген практикалық тетіктермен қамтамасыз етіледі. Мысалы, даралық құқығы 10 жасқа толған баланың пікірін есепке алу кез келген сот немесе әкімшілік талқылау барысында міндетті болып табылады ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы "ҚР Кодексінің 62-бабы).

Айталық, мемлекет демалыс пен бос уақытты damubala немесе Artsport сияқты жобалармен қамтамасыз етеді. Бұл кішкентай қазақстандықтарға өз таланттарын тегін дамытуға мүмкіндік беретін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын бюджеттен жан басына қаржыландыру бағдарламалары.